«Мен шайға қант емес, бал қосамын» – Сауда министрі (ВИДЕО)

«Мен шайға қант емес, бал қосамын» – Сауда министрі (ВИДЕО)

«Мен шайға қант емес, бал қосамын» – Сауда министрі (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстандағы қант тапшылығы мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Halyq Unі сайтына сілтеме жасап.
Үкімет басшысының орынбасары «елімізде қант жоқ» деген пікірмен келіспейді.
«Қант жоқ» деп айта беруге болмайды. Халық арасында «Халва, халва дегеннен аузың тәтті болмайды» деген сөз бар. Сондықтан "жоқ, жоқ" деген сөзге халық сеніп, жүгіре бастайды. Мысалы, мен 2 апта бұрын ірі сауда желісіне барып, өзім қант сатып алдым. Сонда қанттың 1 келісі 470 теңге болды. Қазіргі мәліметке сәйкес, баға 480 теңгеге көтерілген. Мен шайға қант қоспаймын, бал қосамын, - деді Сауда және интеграция министрі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Бұл мәселеге қатысты Ерболат Қарашөкеев те өз ойын айтты.
«Соңғы рет қантты сауда желілерін 1 келісін 620 теңгеге сатып алдық. Қанттың 1 келісін 1 мың теңгеге үйдің жанындағы шағын дүкендер сатып жатқан шығар. Олар көтерме саудамен айналысатын ірі орындардан сатып ала алмайды. Екінші не үшінші қолдан сатып алады. Сондықтан осындай бағаны қойып отыр. Мен де шайды қантсыз ішемін», - деп сөзін түйіндеді басшы.
Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрі күзде қант арзандауы мүмкін екенін атап өтті.