Қарағанды аулаларының бірінен екі жігіттің денесі табылды

Қарағанды аулаларының бірінен екі жігіттің денесі табылды

Қарағанды аулаларының бірінен екі жігіттің денесі табылды
ашық дереккөзі
Қарағандыда сейсенбіге қараған түні көппәтерлі үй ауласында 18 және 20 жастағы екі жігіттің денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап. Қылмыс орнына барған жедел-тергеу тобы осы үйге іргелес барлық тұрғын үй орамын тексеруді бастады. Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 23 жастағы күдіктіні ұстады.
«Ол жанжал кезінде үйдің ауласында жәбірленушіге пышақ жарақатын салғанын мойындады. Қылмыс құралы тәркіленді», - деді Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.