Жаңалықтар

Қызылордада ауыл шаруашылығы тұрақты дамып келеді

ашық дереккөзі

Қызылордада ауыл шаруашылығы тұрақты дамып келеді

Бүгінде аймақтың ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Әсіресе, егін, мал шаруашылығы мен экспорт және инвестициялық жобалар бойынша өсім бар деп хабарлады turkystan.kz. Аймақтың күретамыры болып табылатын салаға қатысты аймақ басшысы Н.Нәлібаев облыстық мәслихат сессиясында: «Біз қазіргі кезде азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында әр ауылдың мүмкіндігіне қарай көкөніс және бақша өнімдерін өзімізде өндіру үшін бос жатқан жерлерді икемдеп, егін егуге ынталы азаматтарға бөліп беруіміз қажет», - деп баса назар аударған болатын. Бүгінгі күні егін жинау жұмыстары басталып, облыс бойынша егілген 5593 га күздік бидайдан - 9 306 тонна, 5813 гектар жаздық бидайдан - 3289 тонна, 375 гектар арпадан  145 тонна өнім жиналды. Дәнді дақылдарды жинау әлі де жалғасуда. Ал, мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда. 2022 жылдың 1 шілдесіне 420,3 мың бас МІҚ, 895,7 мың бас қой мен ешкі, 210,9 мың бас жылқы, 61,6 мың бас түйе және 128,0 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда МІҚ-8,6%-ға, қой мен ешкі-5,7%-ға, жылқы 17,1%-ға, түйе 7,1%-ға, құс 2,7%-ға көбейген. Есепті кезеңде 17,7 мың тонна ет, 41,6 мың тонна сүт және 3,3 млн дана жұмыртқа өндіріліп, 2021 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 1,8%-ға, сүт өндірісі 1,7%-ға, жұмыртқа өндірісі 3,1%-ға артты. Жалпы, 2022 жылдың 1 маусымына облыстан 19,8 млн. долларды құрайтын 39,8 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, қамыс) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 125,9 пайызды құрап отыр.  Өнімдер әлемнің 20 мемлекетіне экспортталды. Жалпы, биыл егіншілік саласына 4,3 млрд  теңге, мал шаруашылығын субсидиялауға 4 млрд теңге қаржы қаралған. Ендігі кезекте мал өнімдерін өндірумен бірге оны терең өңдеуге мән берілетін болады. Сонымен қатар, биыл облыс бойынша жалпы құны 10,3 млрд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде бұл салада 271 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.