Отандық картоп экспортқа шығуы мүмкін

Отандық картоп экспортқа шығуы мүмкін

Отандық картоп экспортқа шығуы мүмкін
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл Қазақстанның картоп экспорттауға мүмкіндігі барын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Картоптың ішкі нарықтағы айлық қажеттілігі - 152,7 мың тонна. Әкімдіктердің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда картоп қоры 124,9 мың тонна болады. Маусым айынан бастап ерте пісетін картоп жиналып жатыр. Оның жалпы көлемі 270,9 мың тоннаға жетті. Тамыздың бірінші жартысында 7,8 мың тонна картоп жинау жоспарланған. Бұл ішкі нарықты толтыруға және картоп бағасының тұрақтануына ықпал етті. Осы айдың басынан бері картоптың бағасы 5%-ға төмендеді. Қыркүйектен бастап күзгі картопты жинау басталады, оның көлемі 4 млн тоннадан асады деп күтілуде. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Белгілі бір көлемді экспортқа жөнелтуге мүмкіндік береді», - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Ведомство басшысының айтуынша, қырыққабат пен сәбіз нарығында жағдай тұрақты. «Ерте пісетін қырыққабат пен сәбіз көлемі күзгі егін жинағанға дейін ішкі нарықты қамтамасыз етуге жеткілікті. Тамыздың соңғы онкүндігінен бастап көкөніс өнімдерінің күзгі өнімі нарыққа шығады деп күтілуде», - деді ведомство басшысы.