Атырауға бара жатқан жұмысшылар автобусы аударылып қалды

Атырауға бара жатқан жұмысшылар автобусы аударылып қалды

Атырауға бара жатқан жұмысшылар автобусы аударылып қалды
ашық дереккөзі
Екібастұздан Атырауға бара жатқан вахташылар автобусы аударылып қалды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Бәйет ауылының маңында вахталық автобус аударылып, апат салдарынан 16 адам зардап шеккен. Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 103 желісіне ірі жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама 26 шілде күні сағат 12:38-де түскен.
- Қоңырау шалушылардың айтуынша, Екібастұздан 25 шақырым жерде вахташыларды Атырауға алып бара жатқан автобус аударылып кеткен. Оқиға орнына бес жедел жәрдем бригадасы жіберілді, - дейді станциядағылар.
Медицина қызметкерлері шақырудан кейін 14 минут өткен соң зардап шеккендерге көмек көрсетті. 103 қызметі Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне  зардап шеккен адамдар саны көп болуы мүмкін екені туралы алдын ала ескерткен. Жедел жәрдем бригадаларының бірі зардап шеккендерді  анықтау үшін оқиға орнында қалды. Барлығы 32 адам жол апатына ұшыраған. Оның 16-сы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. 19-53 жас аралығындағы ер адамдарда бассүйек ми жарақаттары, мидың шайқалуы, түрлі көгерулер мен сынықтар тіркелді. Әзірге облыстық Полиция департаментінде жол апаты туралы ақпарат ұсынбады.