Атырауда пәтерден өлі табылған адамның біреуі әкімнің кеңесшісі болған

Атырауда пәтерден өлі табылған адамның біреуі әкімнің кеңесшісі болған

Атырауда пәтерден өлі табылған адамның біреуі әкімнің кеңесшісі болған
ашық дереккөзі
Қайтыс болған ер адам Құрманғазы ауданы әкімдігінде, Жастар саясаты істері басқармасының аудандық бөлімшесінде жұмыс істеген. Тіпті бір кездері үйлену тойларында асаба да болған деп хабарлады turkystan.kz Atpress.kz-ке сілтеме жасап.
 - Оны бүкіл ауыл біледі. Ол мансабын асабалықтан бастаған, кейін әкімдікке ауысты. Болашағы зор жас жігіт еді, өкінішті, - дейді марқұмның ауылдастары.
Бұл ақпаратты Құрманғазы әкімдігі де растады. Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, ерлі-зайыптылар ажырасу процесінде  болған. Әлеуметтік желілерде ер адам алдымен әйелін тұншықтырды деп жазады, содан кейін ол өзіне қол жұмсаған. Еске салсақ, кеше ТЖД қызметкерлері құлыпталған пәтерден 1991 жылы туған ер адамның және 1992 жылы туған әйелдің денесін тапты.