Министр Қазақстанда 5G интернет желісі нақты қашан қосылатынын айтты

Министр Қазақстанда 5G интернет желісі нақты қашан қосылатынын айтты

Министр Қазақстанда 5G интернет желісі нақты қашан қосылатынын айтты
ашық дереккөзі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында елімізде 5G-дің қашан қосылатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Министрдің айтуынша, бүгінде тестілеу жұмыстары Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Түркістан қалаларында жүргізіліп жатыр. Мусин көрсеткіштердің өте жақсы екенін айтып, желілердің өткізу қабілетіне керемет деген баға берді.
«Барлық жерде іске қосу үшін біз байланыс операторлары арасында радиожиілікті бөлу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл - өте қиын, телекоммуникация саласындағы ең күрделі мәселе. Бұл ауыл тұрғындары үшін жер мәселесі сияқты, егер радиожиілік болмаса, онда компаниялар қызмет көрсете алмайды. 2022 жылдың соңына қарай 5G-ді республикалық маңызы бар қалаларда пайдалану жөнінде белгілі бір шешімдер қабылданады. 2023-2025 жылдар аралығында барлық облыс орталығы 5G технологиясымен жабдықталады. 2023 жылы Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент толығымен қамтамасыз етіледі», - деді Бағдат Мусин.