Бауыржан Байтана «Ақтөбеге» ауысты

Бауыржан Байтана «Ақтөбеге» ауысты

Бауыржан Байтана «Ақтөбеге» ауысты
ашық дереккөзі
Қазақстан құрамасы мен «Тараздың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана мансабын «Ақтөбеде» жалғастырады деп жазды  turkystan.kz. Prosports.kz-ке сілтеме жасап. «Тараз» клубының баспасөз қызметі команда капитанының «Ақтөбеге» ауысқанын ресми мәлімдеді. Қос тараптың шешімімен арадағы келісімшарт тоқтап, Бауыржан Байтана жаңа командаға ауысты. Бұған дейін журналист Айдын Қожахмет Бауыржан Байтана «Ақтөбемен» 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойғанын айтқан еді. Айта кетейік, Бауыржан Байтана 2017 жылы «Ақтөбе» жейдесінде бір маусым ойнады.