Жаңалықтар

Қаржылық мониторинг агенттігі халыққа үндеу жасады

ашық дереккөзі

Қаржылық мониторинг агенттігі халыққа үндеу жасады

Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша, биыл Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелген. Мұның бәрі қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Агенттік бүгінде 3 мыңнан аса сайт бұғатталғанын хабарлады. «Сот 7 қылмыстық істі қарады, олар бойынша 11 адам сотталды, оның ішінде 1-еуі шет мемлекеттің азаматына қатысты. Барлық тұлғаларға нақты мерзімге – 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте жеті адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді агенттіктің баспасөз қызметі. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды аса сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.