7 жылға сотталған әкімнің жазасы жеңілдеді

7 жылға сотталған әкімнің жазасы жеңілдеді

7 жылға сотталған әкімнің жазасы жеңілдеді
ашық дереккөзі
7 жылға сотталған Қызылорда облысының  бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жазасы жеңілдеп, мерзімі қысқарды деп хабарлады  turkystan.kz. Қалалық соттың мәліметі бойынша, үкім өзгертіліп, бас бостандығынан айыру мерзімі алты жылға дейін қысқартылған.
«Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші үкім өзгеріссіз қалдырылды. Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жаза тағайындау бөлігіндегі үкім өзгертіліп, бас бостандығынан айыру мерзімі алты жылға дейін қысқартылды. Ысқақов соттан жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен, яғни айыппұл немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен ауыстыруды сұрады», – деп хабарлады Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.
Осының негізінде жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылды.
«Сот оған қатысты екі жеңілдету шарасы қолданылды. Жазасы жоқ, жеңіл жағдайда жазасын өтеп жатыр, дәрежесі екінші оң, қылмыспен келтірілген мүліктік залал, мемлекеттік баж, мемлекет кірісіне процессуалдық шығындар және өтемақы толығымен өтелді. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзу дерегі жоқ. Жәбірленушінің өкілі жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтінішке қарсы емес екенін көрсетті. Осының негізінде сотталған Ысқақовтың жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылды. Жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза - 3 жыл 11 ай 12 күн мерзімге бас бостандығын шектеумен ауыстырылды. Қосымша жаза түрін өтеуден босатылмайды", – деп жазылған хабарламада.
Ысқақов 2020 жылы желтоқсанда алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан шеттетіліп, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.