Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспортын нығайтады

Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспортын нығайтады

Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспортын нығайтады
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына сапары аясында отандық ет экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын құжаттарға қол қойылды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл  туралы АШМ Баспасөз қызметі  мәлімдеді.
«24-25 шілде күндері екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту мақсатында іскер топтардың өкілдерінің қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел өтті. Сиыр еті мен қой еті импортына қойылатын санитариялық және техникалық талаптар хаттамасына қол қойылды. Келісімге Сауд Арабиясының азық-түлік секторы жөніндегі вице-президенті Мұхаммед әл-Насар мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев қол қойды», - деліген хабарламада.
Қол қойылған хаттама қазақстандық қой және сиыр етін өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.  width=