Биыл «Евровидение» байқауы Украинада өтпейтін болды
Биыл «Евровидение» байқауы Украинада өтпейтін болды
Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) «Евровидение-2023» халықаралық музыкалық байқауын Ұлыбританияда өткізу туралы шешім қабылдады деп хабарлады turkystan.kz «Известияға» сілтеме жасап.
«Евровидение-2022»-де жеңіске жеткен Украина өз аумағында іс-шараны өткізу мүмкіндігінен 23 маусымда айырылған еді. Ал өткен жылы музыкалық байқауда Ұлыбритания елінің өкілі екінші орын алған болатын.
EBU Украина қатысушылардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын атап өтті. Әдетте «Евровидениені» өткізуге 10 мың адам қатысады. Тағы 30 мың көрермен әлемнің әр түкпірінен келеді. Жалпы, Украина автоматты түрде ән байқауының финалына өтетіні хабарланды.