ШҚО-да көшедегі адамдарға оқ жаудырған экс-полицей үйінде отыр

ШҚО-да көшедегі адамдарға оқ жаудырған экс-полицей үйінде отыр

ШҚО-да көшедегі адамдарға оқ жаудырған экс-полицей үйінде отыр
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында бұрынғы полицей үйінің терезесінен көшедегі адамдарға оқ атқан деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддерде мас ер адам қолына пневматикалық атыс қаруын алып пәтерінің терезесінен көшедегі адамдарға оқ атқан. Ол екі азаматты жаралаған. Ер адамды жедел келіп жеткен тәртіп сақшылары тоқтатты. Белгілі болғандай, қала тұрғыны бұрын полиция қызметкері болған.
«Екі жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта ол үйінде оқшауланған, ешкімге қауіп төндірмейді. Бүгінде Риддер тұрғыны полиция қатарында қызмет етпейді», - делінген ақпаратта.