Сейсенбі, 27 Қыркүйек, 2022

«Үйінде су жоқ»: ауыл тұрғыны әкімдік ғимаратында кір жуды (ВИДЕО)

Бүгін Зульфия Мәсімова Тұздыбастау ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында кір жуып, өз наразылығын осылайша білдірді. Ол үйінде су жоқ екенін айтады деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті әкімдік бұл әйел тұратын Айжарық ықшамауданына «Талғар Су» жекеменшік су құбыры арқылы су жеткізетінін мәлім етті. Ал бұл су құбыры жеке тұлғаның өз есебінен жүргізілген. Оның арқасында 150-ге жуық үй сумен қамтамасыз етілген.

Бірақ олардың арасында Мәсімованың үйі жоқ. 2021 жылы әйелдің өтініші бойынша жергілікті әкімдік 150 метр құбыр жүргізіп берген, бірақ жазда су ақырын ағатынын ескерткен.

Ауылдық округ әкімінің орынбасары Жалғасбай Өмірзақтың айтуынша, бүтін ықшамаудан қосылған жеке су құбырын салуда құрылыс нормалары дұрыс сақталмаған, сондықтан оны қайта жаңарту қажет.

Енді «Талғар Су» тұрғындарға кәсіпорынның қайта құрылымдап, су беруді жеткілікті көлемге жеткізу үшін қайта шарт жасасуды ұсынады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button