Сенбі, 25 Наурыз, 2023

Атырауда автокөлік жүргізушісі 24 қойды қағып кетті

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, оқиға 25 шілде күні сағат 6:30 шамасында болған деп хабарлады turkystan.kz Atpress.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау-Ақтөбе тас жолының 400 шақырымындағы Жантерек елді мекені тұсында RAVON R4 автокөлігінің жүргізушісі 24  қойды қағып кеткен. Соның салдарынан мал иелеріне 1 млн 200 мың теңге материалдық шығын келген. Қой бағып жүрген қойшы  малды рұқсат етілмеген жерден айдап өтпек болған. Осылайша, жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіргені үшін қойшыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button