Мұғалімнен 200 мың теңге пара алған мектеп директоры жазаланды

Мұғалімнен 200 мың теңге пара алған мектеп директоры жазаланды

Мұғалімнен 200 мың теңге пара алған мектеп директоры жазаланды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты Майлыкент жалпы орта мектебінің директоры Ақмарал Айсадыковаға қатысты үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, сот үкімімен оған 6 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар айыпталушы енді өмір бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайды. А.Айсадыкова ағылшын тілі мұғалімінен жұмысқа орналастыру және жалпы қамқорлығы үшін 200 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Үкім заңды күшіне енбеді.