Есік қаласындағы атысқа қатысқан күдікті ұсталды

Есік қаласындағы атысқа қатысқан күдікті ұсталды

Есік қаласындағы атысқа қатысқан күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Есік қаласы Еңбекшіқазақ ауданында болған атысқа қатысты деген күдіктілердің бірі ұсталды. Бұл туралы Алматы облысының полицейлері мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.  Ұсталған күдікті 30 жастағы ер адам болып шықты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам негізді түрде қылмысқа қатысы бар деген күдікті.
«Полиция оқиғаның қалған қатысушыларын ұстауға бағытталған жедел іс-шараларды жалғастырып жатыр. Іс Қылмыстық кодекстің 3-бабы – «Адам өлтіру», «Адам өлтіруге оқталу» және «Қару қолдана отырып бұзақылық жасау» бойынша тергеліп жатыр. Қылмыстық іздестіру барысы облыстық ПД басшылығының ерекше бақылауында», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 23 шілдеде Есік қаласында атыс болып, бір адам қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.