Жаңалықтар

Оңтүстікте қақаған аяз болады

ашық дереккөзі

Оңтүстікте қақаған аяз болады

ТЖД-нің мәліметінше, 23-24-ші желтоқсан күні Қызылорда, 24-25-ші желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы обылыстарында ауа температурасы күрт төмендеп, 20-25 градусқа дейін аяз күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Синоптиктер алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық территориясында қатты аяз болады деп болжауда. Бұл аяз климаттық нормадан 5-15ºС төмен, алдағы үш тәулікте оңтүстік-шығыс бағытында жылжи отырып, біртіндеп республиканың барлық облыстарын қамтитын болады. Аязға қар жауу мен бұрқасын қосылып, бұл ауа-райын тіпті күрделі және қауіпті етуі мүмкін, сондықтан синоптиктер халықты абай болуға шақырды.