Халықаралық олимпиадада алтын медаль алған оқушыға қомақты сыйақы беріледі

Халықаралық олимпиадада алтын медаль алған оқушыға қомақты сыйақы беріледі

Халықаралық олимпиадада алтын медаль алған оқушыға қомақты сыйақы беріледі
ашық дереккөзі

Халықаралық олимпиадада алтын медаль алған оқушыға 4,5 миллион теңге сыйақы беріледі деп хабарлады turkystan.kz. semeytany.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде НЗМ-нің 12-сынып оқушысы Санжар Хамиев географиядан өткен IGeO-2022 халықаралық олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды. Осымен қазақстандық оқушылар екінші рет алтын медаль иеленіп отыр. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Президенттің тапсырмасы бойынша Санжарға 4,5 миллион теңге сыйақы және еліміздің кез келген университетіне ҰБТ тапсырмай түсуге мүмкіндік берілетінін мәлімдеді. Олимпиада Парижде онлайн өтіп, әлемнің 54 елінен келген 216 жас географтың басын қосты. Қатысушылар жазбаша және мультимедиялық тесттер мен тапсырмалар бойынша сайысқа түсті. Санжардың айтуынша, география – сүйікті пәні, ал олимпиада оның білімін көрсетуге мүмкіндік болған. Жеңіске жетуіне былтырғы олимпиада жеңімпазы Рустам Валеевтің көмегі зор болыпты.
«Мен тоғызыншы сыныптан бастап тынбай оқып, ең болмағанда бір рет IGeO-ға қатысуды армандадым. Бас тартқым келген сәттер болды. Нәтижесін көргенде, алғашында сенбедім», – дейді оқушы.