Биыл қалта ұрлығы 4 есе азайды

Биыл қалта ұрлығы 4 есе азайды

Биыл қалта ұрлығы 4 есе азайды
ашық дереккөзі
Алматыда биыл ұрлық саны азайды деп хабарлады turkystan.kz Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы полициясының қызметі Президенттің тапсырмаларын орындауға, барлық саладағы қызметті жақсартуға бағытталған. Осыған сәйкес, қаладағы ахуал бақылауға алынған және қылмысты ашу ісінің тиімділігі артты.
«Қалалық Полиция департаментінің дерегі бойынша, биылғы алты айда қалта ұрлығы 3,8 есеге, пәтер ұрлығы 44%-ға, автокөлік салонынан бөтеннің мүлкін ұрлау 47%-ға азайған. Сондай-ақ жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс (-14,5%), отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтар (-14,3%), бұрын сотталғандардың заңсыз әрекеттері де (-47,8%) төмендеген», – деді ведомстводан.