Өзіне қол жұмсамақ болған баспасөз хатшысы бұрынғы қызметіне оралды
Өзіне қол жұмсамақ болған баспасөз хатшысы бұрынғы қызметіне оралды
Шымкентте өзіне қол жұмсамақ болған Полиция департаментінің баспасөз хатшысы қызметіне қайта кірісті деп хабарлады turkystan.kz.
Мөлдір Бекеева журналистерге дәрігерлер қарсы болғанына қарамастан қызметіне кіріскенін жеткізді. Өткен сәрсенбіден бастап жұмысқа шыққан ол Шымкент қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі – Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы, баспасөз хатшысы қызметін атқарып жатыр.
Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева әлеуметтік желіге ведомство басшылығын өзіне қысым көрсетті деп айыптаған жазба жариялаған болатын. Содан кейін өз-өзіне қол жұмсап, комаға түскен еді.