Сырдария университетіне Жұмабек Тәшеновтің есімі берілді

Сырдария университетіне Жұмабек Тәшеновтің есімі берілді

Сырдария университетіне Жұмабек Тәшеновтің есімі берілді
ашық дереккөзі
Жетісай қаласындағы Сырдария университетіне Жұмабек Тәшеновтің есімі берілді деп хабарлады turkystan.kz.
 «1998 жылы Жетісай қаласында ашылған Сырдария университеті бүгінде тарихы мен дәстүрі қалыптасқан жеке жоғары оқу орындарының біріне айналды. Осыған байланысты оқу орнына жерлесіміз, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің атын беру ұсынылып, ол бірауыздан қолдау тапты. Енді Ж.Тәшенев атындағы университет жаңа оқу жылын үшінші мегаполис төрінде бастамақ», – деді университет ректоры Қанат Байболов.
Қазір университет бакалавриаттың 13 бағыты бойынша - 31, магистратураның 5 бағыты бойынша 6 мамандық иелерін оқытады. Қанат Байболовтың айтуынша, оқу орнында 850 студентке арналған 4 жатақхана бар.