Шығыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалған үш жасар бала табылды

Шығыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалған үш жасар бала табылды

Шығыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалған үш жасар бала табылды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жоғалған үш жасар бала аман-есен табылды деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Ұлан ауданы Таврия ауылында жоғалып кеткен баланың аты-жөні – Әділхан Сейсембай.
«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде үш жасар бала тұрғылықты жерінен 3 шақырым жердегі алқаптан табылды. Қазір бала үйінде, ата-анасының қасында. Олар іздестіруге көмектескен барлық азаматқа алғысын айтып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген ақпаратта.