Қытайда халық саны күрт азаяды
Қытайда халық саны күрт азаяды
Қытай халқының табиғи өсімі айтарлықтай баяулады. Зерттеулерге сәйкес, 2025 жылға дейін халық саны тағы да азаяды деп хабарлады turkystan.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚХР ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының халық және отбасы мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Ян Вэньчжуан хабарлады. Оның айтуынша, қазір Қытай билігі халықтың табиғи өсімін қалпына келтіру үшін күресіп жатыр. Өйткені көптеген жас отбасы қымбатшылық, ауыр жұмыс сияқты факторларға байланысты балалы болудан бас тартқан.
2021 жылы бірнеше провинциядағы жаңа туғандардың саны соңғы онжылдықтардағы ең төмен көрсеткіш болып отыр. Орталық Хунань провинциясында 60 жыл ішінде жаңа туған сәби саны алғаш рет шамамен 500 000-нан төмендеген. Қытайдың оңтүстік Гуандун провинциясында ғана жаңа туғандар саны 1 миллионнан асты.
Өткен жылы әйелдердің үш балалы болуына рұқсат берген Қытай заңнамасы бұл мәселеге көмектеспеген сияқты. Көптеген әйел өзгеріс тым кеш болды деп санайды. Сонымен қатар олар жұмыспен қамту және гендерлік теңдік кепілдіктері жеткіліксіз екенін жеткізген.