Жапониядағы ең ірі жанартау атқылады

Жапониядағы ең ірі жанартау атқылады

Жапониядағы ең ірі жанартау атқылады
ашық дереккөзі
Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылап, Кюсю аралында қауіптің бесінші деңгейі жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Kyodo News хабарлады. Сакурадзиманың алғашқы атқылауы жексенбі күні кешке болды. Салдарынан жанартау жыныстары мен күл кратерден 2,5 км радиусқа дейін шашыраған. Жанартау маңындағы қауіп деңгейі бес балдық шкала бойынша максимумға дейін көтерілді. Төтенше жағдайға байланысты ақпарат жинау үшін Жапония премьер-министрінің кеңсесінде жедел штаб құрылды. Кагосима билігі 100-ге жуық адам тұратын жанартауға іргелес екі аймақты жартылай эвакуациялау туралы хабарлады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, жанартаудың айналасын метеорологиялық департамент мамандары тексеріп жатыр.