Волейболдан BAQ liga чемпионатының үшінші маусымы аяқталды

Волейболдан BAQ liga чемпионатының үшінші маусымы аяқталды

Волейболдан BAQ liga чемпионатының үшінші маусымы аяқталды
ашық дереккөзі
Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы BAQ liga чемпионатының үшінші маусымы мәресіне жетті деп хабарлады turkystan.kz.  Elorda.info-ға сілтеме жасап. 12 команда қатысып, екі айға созылған біріншіліктің үздіктері мен жүлдегерлері анықталды. Турнирге «Қазақстан» телерадиокорпорациясы қолдау көрсетті. Ал БАҚ лиганың басты серіктесі – Қазақстан спортты қолдау қоры. волейбол Финалда Atameken business телеарнасы мен 7 арна телеарнасы кездесті. Екеуі де бір-біріне лайық мықты қарсылас. «Атамекендіктер» ә дегеннен-ақ 9:0 есебімен алға ұзағанымен 7 арна жетіп қана қойған жоқ, бірінші партияны еншілеріне жазды. Екінші партия да тартысты өтіп, екі-ақ ұпай айырмашылығымен Atameken business телеарнасы партияны жеңіспен аяқтады да, таразы басын теңестірді. Үшінші партия да сондай қарқынмен өтіп, кім мықты екені соңғы сәтте ғана белгілі болды. Ал төртінші партияда атамекендіктер психологиялық тұрғыда қарсыластарынан басым болды. Жалпы есеп – 3:1 (23:25, 25:23, 25:23, 25:17), Atameken business –  командасы БАҚ лига үшінші маусымының чемпионы. Ал қолаға «Қазмедиа» орталығы қол жеткізді. волейбол Финалдан кейін марапаттау рәсімі өтіп, үздіктер мен жүлдегерлер марапатталды. Салтанатты рәсімге Ұлттық олимпиадалық комитеттің спорттық директоры Елсияр Қанағатов, ҚР мемлекеттік кеңесшісі хатшылығының орынбасары Ержан Байтілес, Atameken business телеарнасының бас директоры Қанат Сахария, «Айқын-Литер» газеттерінің бас директоры Ысқақ Егембердиев, Qazcontent АҚ төрағасының орынбасары Дархан Уәлиханұлы, QAZSPORT телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков және 7 арна бас директоры Әния Байоразова қатысты. волейбол Ерлер арасындағы үздік ойыншы: Ермахан ҚАРЕКЕНОВ ( Atameken business телеарнасы) Қыздар арасындағы үздік ойыншы: Әсел ӘБІЛБЕКОВА (Qazaq radiolary) Құрмет номинациясы (+40 үздік ойыншы): Ренат АХМЕТОВ (7 арна) Үздік шабуылдаушы: Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Қазмедиа орталығы) Үздік тосқауыл қоюшы: Мадияр ЕРСАЙЫН Үздік пас шығарушы: Алтынай ТУКЕНИНА (7 арна) Үздік төреші: Еламан АКУНОВ.

Фото: elorda.info