Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында тағы 5 медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында тағы 5 медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында тағы 5 медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық спортшылар Ташкентте өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаттарының соңғы күндерінде әртүрлі номинацияда 5 медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жасөспірімдер арасында  102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Никита Әбдірахманов алтын жеңіп алды. Спортшы екі жаттығуда:  жұлқа көтеруде және серпе көтеруде үздік болып, барлығы 354 келі нәтижемен жеңіске жетті. Сондай-ақ, ол бұған дейін 20 жасқа дейінгілер арасында күміс жүлдегер атанған болатын. Ауыр атлетика Ташкент Қазақстан құрамасының қоржыны да 4 қола жүлдемен толықты. Бұл медальдарды Қыпшақбай Динара (81 келіге дейін), Жолтай Санжар (102 келіден жоғары), Клим Башаргин (89 келіге дейін) және Егор Шерер 81 келіге дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының үздік үштігіне енді. Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Омаров Азия чемпионатында ел құрамасының қоржынындағы бірінші медальдің иегері болғаны туралы жазған болатынбыз. Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.