Абай облысына тағы бір әкім орынбасары тағайындалды

Абай облысына тағы бір әкім орынбасары тағайындалды

Абай облысына тағы бір әкім орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Нұрбол Нұрсағатов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Нұрбол Төлегенұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде бастаған. 2008-2011 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті. ШҚО әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қалалық Құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр және Алматы аудандарының әкімі болған.