1 225 200 теңге: қайтарымсыз грантты қалай алуға болады?

1 225 200 теңге: қайтарымсыз грантты қалай алуға болады?

1 225 200 теңге: қайтарымсыз грантты қалай алуға болады?
ашық дереккөзі
Business.enbek.kz порталында 8 тамыздан бастап бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз берілген бастапқы капитал. Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 225 200 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
«Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Өтінім беру үшін қажет: - Порталда тіркелу; - грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту; - бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу; - өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
«Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты Жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады», - делінген хабарламада.
Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет. Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады: - тіркелген жұмыссыздар; - жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін); - бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер. Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек: - мүгедектігі бар адамдар; - қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар; - өңіраралық қоныс аударушылар - аз қамтылған отбасы мүшелері; - көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы); - мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы); - асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар; - жастар. Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.