Егіз бауырын өрттен құтқарған 12 жастағы қыз марапатталды
Егіз бауырын өрттен құтқарған 12 жастағы қыз марапатталды
Шымкентте егіз бауырын өрттен құтқарған 12 жастағы Анна Саворовская «Өрт кезінде көрсеткен батылдығы үшін» медалімен марапатталды деп хабарлады turkystan.kz Президент жанындағы ОКҚ-ға сілтеме жасап.
Оқиға 15 шілдеде болған еді. Түнде оянған жасөспірім орындықтан түтін шыға бастағанда өрт басталғанын түсінген. Өшіруге тырысқанымен, қызыл жалынның бетін қайтара алмады. Жанында бір жастағы егіз бауыры ұйықтап жатқан. Ол көп ойланбастан інілерінің біреуін көтеріп далаға алып шығады. Одан кейін өртеніп жатқан үйге кіріп, екінші інісін құтқарып қалды.
Оның батылдығын Шымкент қаласының ТЖД бағалап, марапатқа ұсынды. ҚР ТЖМ 2022 жылғы 20 шілдедегі № 253 бұйрығына сәйкес Анна Юрьевна Саворовская «Өрт кезінде көрсеткен батылдығы үшін» медалімен марапатталды.