Ақтөбе облысында бақташыға найзағай түсті
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі өзенінің маңында мал бағып жүрген ер адамға найзағай түсті деп хабарлады turkystan.kz.
41 жастағы тұрғын 24 шілде күні сағат 06:50-де ауруханаға жеткізілген.
Ақтөбелік дәрігерлердің айтуынша, найзағай түскен қойшының денесінің 15%-ын күйік шалған. Оның оң қолы, көкірек қуысы, құрсақ қабырғасы және оң аяғы зақымдалған.
Дәрігерлер ер адамның жағдайын тұрақты деп бағалады.