25 шілдеге арналған ауа райы болжамы

25 шілдеге арналған ауа райы болжамы

25 шілдеге арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
Синоптиктер шілденің 25-і күнгі ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Республиканың батыс бөлігінде солтүстік-батыс циклонға байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Бұршақ, дауыл болады. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Қазақстанның шығыс бөлігінде күн ашық болады», - делінген хабарламада.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде және орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының тау бөктерінде күн қатты ыстық болады. Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында, Жетісу облысының шығысында өте қатты ыстық ауа райы сақталады.