Президенттің Меккедегі қасиетті Қағбаға кірген сәтінен видео тарады

Президенттің Меккедегі қасиетті Қағбаға кірген сәтінен видео тарады

Президенттің Меккедегі қасиетті Қағбаға кірген сәтінен видео тарады
ашық дереккөзі
Блогер Дәулет Мұқаев Instagram-дағы парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы королімен Қағбаға кірген сәтінен видео жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Президентіміз қасиетті Меккенің Қағбасына кірген сәт. Жүрегі имандылыққа толған басшыларымыз көп болсын. Осы күндері Қасым Жомарт Тоқаев іссапармен Сауд Арабиясы елінде жүр. Президентіміздің жасаған дұғасы, құлшылығы қабыл болсын!» деп жазды ол.
Айта кетсек, Мекке – Сауд Арабиясының батысындағы қала, Қызыл теңізден шамамен 100 км қашықтықта орналасқан. Мұсылмандардың қасиетті қаласы болып саналады. Еске салсақ, 24 шілде күні Президент Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми іссапармен барды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде Сауд Арабиясына алғаш рет келгендіктен, бұл сапардың маңызы зор екенін жеткізген болатын.