Денис Евсеев Президент кубогінің финалисі атанды

Денис Евсеев Президент кубогінің финалисі атанды

Денис Евсеев Президент кубогінің финалисі атанды
ашық дереккөзі
Ұлттық теннис орталығында дәстүрлі Президент кубогі мәресіне жетті деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚТФ мәлімдеуінше, ерлер арасында челленджер турнирінің финалында алматылық Денис Евсеев әлемнің 151-інші, жарыстың 1-ракеткасы, ресейлік Роман Сафиуллинмен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетті - 6:2. Екінші сетте Р.Сафиуллин есе қайырды - 6:4. Үшінші, шешуші партияда ресейлік спортшы тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:2).  width= Роман өз спорттық жолында екінші рет челленджер турнирінде титулға қол жеткізіп, 80 рейтингілік ұпай мен 7200 АҚШ доллары көлемінде сыйақыға ие болды. Финалда жеңіліп қалғанына қарамастан, Д.Евсеев дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде 341-ден 269-орынға көтеріледі. Әйелдер арасында Президент кубогі аясында ITF World Tennis Tour W60 додасында жапониялық Моюка Учиджима үздік шықты. Ол финалда сербиялық Наталья Стефановичті ұтты - 6:3, 7:6 (7:2).  width= Еске салсақ, бұған дейін теннисші Евсеевтің Президент кубогінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.