Ақмола облысында суға кеткен журналист қыздың денесі 5 күннен соң табылды

Ақмола облысында суға кеткен журналист қыздың денесі 5 күннен соң табылды

Ақмола облысында суға кеткен журналист қыздың денесі 5 күннен соң табылды
ашық дереккөзі

Ақмола облысында 19 шілде күні суға батып кеткен 27 жастағы қыздың денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақмолалық құтқарушылар бес күн бұрын Астана су қоймасында суға батып кеткен 27 жастағы бойжеткеннің денесін тапты. Іздестіру жұмыстарына құрамында 10 адам, іздеу иті және екі моторлы қайығы бар (оның біреуі стационарлық эхолотпен жабдықталған) құтқарушылар тобы жұмылдырылды. Сүңгуірлерге қатты жел мен су тубіндегі балдырлар кедергі келтірді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетсек, қайғылы жағдай шілденің 19-ында болған еді. Суға батқан бойжеткен сол күні су қоймасына құрбыларымен демалуға барған. Гидроциклмен жүзу кезінде ол суға құлап кеткен. Суға кеткен бойжеткен БАҚ-та СММ маманы болып қызмет еткен, бұрын ҚазАқпарат халықаралық агенттігінде жұмыс істеген.