Желіде алаяқ арзанға қант сатамын деп 90 млн теңге пайда көрген

Желіде алаяқ арзанға қант сатамын деп 90 млн теңге пайда көрген

Желіде алаяқ арзанға қант сатамын деп 90 млн теңге пайда көрген
ашық дереккөзі
ШҚО-да алаяқ арзанға қант сатамын деп 90 млн теңге пайда көрген деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқ өзін көтерме саудагер ретінде таныстырып, нарықтағыдан әлдеқайда арзан бағаға қант сататындығын жеткізген. Ол азаматтардан алдын ала төлем жасауды сұрап, тауарды тек содан кейін ала алатындықтарын айтты. Бұған сенген Өскемен мен Риддер қалаларының 100-ге жуық тұрғыны әйел адамның шотына 5 мыңнан 4 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде ақша жіберген. Ал арам ойын іске асырған алаяқ хабар-ошарсыз кетті.
«Бір аптаның ішінде осыншама адам алданып отыр. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 90 млн теңгені құрайды. Күдікті ретінде Өскеменде тұратын 29 жастағы әйел қолға түсті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Татьяна Карпова.