Мұхтар Ниязов халықаралық айтыста бас жүлде иеленді

Мұхтар Ниязов халықаралық айтыста бас жүлде иеленді

Мұхтар Ниязов халықаралық айтыста бас жүлде иеленді
ашық дереккөзі
Қызылордалық айтыскер Мұхтар Ниязов Қырғыз елінде өткен халықаралық айтыста бас жүлде иеленді. Бұл туралы облыстық Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
 «Қазақ пен қырғызға ортақ ақын болды деген осы. Қуан, қазақ! Қырғыздың Қарқара жайлауында өткен халықаралық айтыстағы Мұхтардың бас жүлдесі құтты болсын», - деп жазды ол.
Айта кетсек, Мұхтар Ниязов Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 1985 жылдың 4 қарашасында дүниеге келген. Ол облыстық ақындар айтысы мен жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Сондай-ақ, «Алтын домбыра» байқауының үш дүркін иегері.