ҰҚК: Түркістандағы шекара бекетінде 35 келі героин тәркіленді

ҰҚК: Түркістандағы шекара бекетінде 35 келі героин тәркіленді

ҰҚК: Түркістандағы шекара бекетінде 35 келі героин тәркіленді
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің ірі партиясын қолға түсірді деп хабарлады turkystan.kz.

«22 шілде күні ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы «Жібек Жолы» өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу итін қолданумен көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жақын есірткі заттарын тауып, тәркіледі (болжам бойынша, «героин»)», - делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.