Жаңалықтар

Путин Өзбекстан президентін орденмен марапаттады

ашық дереккөзі

Путин Өзбекстан президентін орденмен марапаттады

Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті Александр Невский орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап. Құжат құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланған. Өзбекстан басшысы екі мемлекет арасындағы «Достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы зор еңбегі үшін» марапатына ие болды. «Ресей мен Өзбекстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген зор еңбегі үшін Мирзиёев Шавкат Мирзиёев Александр Невский орденімен марапатталсын», - делінген президенттің жарлығында. Александр Невский орденін мемлекеттік құрылыс, мемлекеттік қызмет, ғылым, экономика, мәдениет және өнер салаларында ерекше табыстар мен нәтижелерге қол жеткізген тұлғалар алады. Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапаттан бас тартқан еді.