Медициналық пойыз Батыс Қазақстан облысында өз жұмысын бастады

Медициналық пойыз Батыс Қазақстан облысында өз жұмысын бастады

Медициналық пойыз Батыс Қазақстан облысында өз жұмысын бастады
ашық дереккөзі
«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы бүгін БҚО-дағы Семиглавый Мар станциясында жұмысын бастады.  Аталмыш пойыз 9 тамызға дейін БҚО-дағы 9 шалғай станцияға барады. Медициналық пойыз мамандары күнделікті сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін емдік көмек көрсетуге, кеңес беруге және қажет болса, елдегі медицина мекемелеріне жолдама беруге дайын.  width= 29 маусым мен 22 шілде аралығында «Жәрдем» пойызы Ақтөбе облысының 12 станциясында болды. Өткен үш апта ішінде Ақтөбе облысындағы консультациялық-диагностикалық пойыздың мамандары 7032 тұрғынды, оның ішінде 2693 баланы және 4339 ересекті қабылдаса, дәрігерлерге қаралудың жалпы саны  25953-ті құрады. Медицина қызметкерлері мүмкіндігінше көп пациент қабылдауға, оларды тексеруге, ем тағайындауға және қажет болған жағдайда аудандық немесе облыстық ауруханаларға жолдама беруге тырысады. Сондай-ақ адамдар ең көп ЖПД,  терапевт, педиатр маманына қаралған – 5728 адам. Бұдан әрі офтальмолог – 2811 адам, сондай-ақ невропатолог – 2473 адам. Медициналық пойызда барлығы 1452 ЭКГ, 1161 УДЗ және 334 флюорография процедуралары жүргізілді. Бұған дейін 11 кіші хирургиялық операция жасалса, оның ішінде 7 – тұрақты тісті жұлу (қарапайым), 2 тұрақты тісті жұлу (күрделі), 2 – циркумцизия (сүндетке отырғызу).  width= Медициналық пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева облыста жүргізілген жұмыстарымен бөлісті.
«Дәрігерлер Бегімбет станциясында 1933 жылы туған тұрғынға екінші рет тексеру  жүргізді. Алғаш рет кейуананы 2019 жылғы сапар кезінде тексерген едік. Ол кезде 89 жастағы Шайкен  Бақытжанованың жамбас сүйегі сынған. Биыл науқастың қызы хабарласып, анасының денсаулығын тексеріп беруді сұрады. Себебі, жарақаттан кейін қиындықтар бар екен.  Біз өз кезегімізде анализ алып, бірінші науқастың жүрегін тексердік. Сондай-ақ, оны хирург, травматолог, кардиолог, терапевт қарап, қажет ем-дом жазып берді. Шайкен апа медициналық пойыз дәрігерлеріне өз ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. Одан бөлек, Ақтөбе облысында созылмалы простатит, тізе буынының артрозы, варикоз, омыртқа остеохондрозы, қан қысымы, холецистит, панкреатит, цистит, аллергиялық ринит, созылмалы фарингит және отит, сондай-ақ тері аурулары өте жиі кездеседі», - деді ол.
 width= «Жәрдем» медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысынан кейін Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарындағы шалғай станцияларда өз жұмысын жалғастырады. Еске салсақ, екінші «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 20 маусымда Алматы облысынан өз жұмысын бастады. Қазіргі уақытта пойыз ШҚО-дағы Тұрғысын станциясында тұр. Медициналық пойыз мамандары 30 шілдеге дейін аймақ тұрғындарын тегін тексереді. Жалпы, қос пойыз еліміздің шалғай аудандарындағы 147 станцияны қамтиды. Медициналық пойыздардың қозғалыс кестесі туралы нақты ақпаратты жобаның www.medpoezd.kz ресми сайтынан немесе 8 7172 60 45 94, 8 701 206 15 40 нөмірлері арқылы, сондай-ақ @medpoezd.kz Instagram парақшасынан біле аласыздар. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп іске асыруда.