Жаңалықтар

Медициналық пойыз Батыс Қазақстан облысында өз жұмысын бастады

ашық дереккөзі

Медициналық пойыз Батыс Қазақстан облысында өз жұмысын бастады

«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы бүгін БҚО-дағы Семиглавый Мар станциясында жұмысын бастады.  Аталмыш пойыз 9 тамызға дейін БҚО-дағы 9 шалғай станцияға барады. Медициналық пойыз мамандары күнделікті сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін емдік көмек көрсетуге, кеңес беруге және қажет болса, елдегі медицина мекемелеріне жолдама беруге дайын. Медициналық пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева облыста жүргізілген жұмыстарымен бөлісті. «Дәрігерлер Бегімбет станциясында 1933 жылы туған тұрғынға екінші рет тексеру  жүргізді. Алғаш рет кейуананы 2019 жылғы сапар кезінде тексерген едік. Ол кезде 89 жастағы Шайкен  Бақытжанованың жамбас сүйегі сынған. Биыл науқастың қызы хабарласып, анасының денсаулығын тексеріп беруді сұрады. Себебі, жарақаттан кейін қиындықтар бар екен.  Біз өз кезегімізде анализ алып, бірінші науқастың жүрегін тексердік. Сондай-ақ, оны хирург, травматолог, кардиолог, терапевт қарап, қажет ем-дом жазып берді. Шайкен апа медициналық пойыз дәрігерлеріне өз ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. Одан бөлек, Ақтөбе облысында созылмалы простатит, тізе буынының артрозы, варикоз, омыртқа остеохондрозы, қан қысымы, холецистит, панкреатит, цистит, аллергиялық ринит, созылмалы фарингит және отит, сондай-ақ тері аурулары өте жиі кездеседі», - деді ол.