Қазақстандық дзюдошы қыздар Азия чемпионатында 2 медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы қыздар Азия чемпионатында 2 медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы қыздар Азия чемпионатында 2 медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі
Атыраулық дзюдошы қыздар Азия чемпионатынан бір алтын, бір күміс медаль алды. Бұл туралы Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Баспасөз қызметінен ақпаратынша, атыраулық дзюдошы Эсимгуль Куюлова жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанса, Дана Абдирова күміс жүлдеге ие болды. Тайланд елінің астанасы Бангкок қаласында 20-21 шілдеде өткен додада 16 елден 174 спортшы бақ сынады. Бұл чемпионатта ел намысын қорғаған спортшылар арасында атыраулық дзюдошылар да бар. Мәселен, Эсимгуль Куюлова 63 келі салмақта бақ сынап, іріктеу кезеңінде тайландтық спортшы Мантира Бунанектен басым түсті. Жартылай финалда үндістандық балуан Уннати Эсмигулиндшарманы ұтты. Ал, ақтық сында Қырғызстан өкілі Ажар Исаеваны қапы қалдырды. Бұл – Эсимгуль Куюлованың биылғы үшінші жеңісі. Бұған дейін биыл Азия және Еуропа кубогінің иегері атанған болатын. Тағы бір дзюдошы Дана Абдирова биылғы сәуірде Ташкент қаласында өткен Азия Кубогінің иегері атанған болатын. Енді ол Азия чемпионатында 57 келі салмақта сынға түсті.
«Дана Абдирова іріктеу кезеңдерінде қазақстандық спортшы Дина Мұханбеттен басымдығын танытты. Ал, жартылай финалда моңғол балуаны Ганбат Мунхтуяны ұтқан еді. Тек ақтық сында Үндістан Республикасының өкілі Линтой Чанамбамнан ұтылып қалды. Сөйтіп, Азия чемпионатында өз салмағындағы 13 спортшының арасынан екінші орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды», -деп баспасөз хабарламасында.