Қызылордада 100 тонна көмір тегін үлестірілді

Қызылордада 100 тонна көмір тегін үлестірілді

Қызылордада 100 тонна көмір тегін үлестірілді
ашық дереккөзі
Қызылордада 50 отбасы көмірмен қамтылды. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырған «Ел Арай» қоғамдық қоры көмекке мұқтаж жандарға барлығы 100 тонна көмір таратты.
Қоғамдық қор төрағасы Самат Сағындықовтың айтуынша, акция ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілді. «Еліміз еркіндігінің ширек ғасырлық мерекесі бәріміз үшін үлкен қуаныш. Осыған орай біз қамқорлыққа зәру жандарға қолдау танытқанды жөн көрдік. Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар мен көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға 100 тонна көмір түсіріп бердік», - деді ол.
Синоптиктер күн қабағы қатулау болатынын болжаған биылғы қыста отын алуға жағдайы келе бермейтін отбасылар үшін бұл үлкен көмек болды. Ал қоғамдық қорға көмірді үй-үйге жеткізіп беруге еріктілер тобы қол ұшын созды.