Тергеу соты Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты шешім қабылдады
Қаржы жымқыру күдігіне іліккен ҚР Ұлттық музейі директоры және бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы 1 ай қамауда болады деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тергеу соты Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін 1 айға, яғни 26 тамызға дейін созу жөнінде шешім қабылдады», - деді қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске салсақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл 28 мамыр күні сот санкциясымен қамауға алынған еді.