Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Синоптиктер Қазақстан Республикасының 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 23 шілде күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды. Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Ақтөбе қаласында күндіз найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Алматы облысының басым бөлігінде және Алматы қаласының маңайында, Жетісу облысында төтенше өрт қаупі бар. Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал. Оралда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. 23 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыс орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болуы мүмкін. Төтенше өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында 23 шілдеде күндіз 41-43 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар. 23 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 42 градус аптап ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Ақтауда 23 шілдеде түнде найзағай ойнайды. Шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. 23 шілдеде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20   м/с-ке жетеді. 23 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Солүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда 23 шілдеде найзағай ойнайды. Солүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. 25 шілдеде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, 23-24 шілдеде күндіз облыстың таулы аймақтарында, 25 шілдеде солтүстігінде және таулы аудандарында күші 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. 23-25 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық болады. Шымкентте 23-25 шілдеде күндіз 40-42 градус аптап ыстық болуы ықтимал.