Жаңалықтар

Елордада бірнеше жол учаскесі жабылады

Елордада бірнеше жол учаскесі жабылады

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік басқармасының келісімімен бірнеше көше учаскелерінде жөндеу жұмыстарын бастады деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ «QazAvtoJol» ҰК АҚ Ақмола облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолы 4 км республикалық маңызы бар автомобиль жолы (Р-10) күрделі құрылыс жұмыстарына байланысты жабылады. Ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін теміржол желісін салумен, ұзындығы 2,6 км осы жол өтпесінің бойымен күрделі үлгідегі жол төсемесімен айналма жолды орындау жоспарланып отыр. о Сонымен қатар 23 шілде мен 5 тамыз аралығында Тұран даңғылы бойындағы Төле би көшесінің Сығанақ көшесінен «Baspana» және «Nova City» тұрғын үй кешендеріне дейінгі учаскесіндегі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады. Аталған учаскеде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.