Ералы Тоғжанов елордадағы әлеуметтік нысандарды аралады

Ералы Тоғжанов елордадағы әлеуметтік нысандарды аралады

Ералы Тоғжанов елордадағы әлеуметтік нысандарды аралады
ашық дереккөзі
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елордада орналасқан әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Жұмыс сапарына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері мен әлеуметтік кәсіпкерлер қатысты деп хабарлады turkystan.kz.

Вице-премьер «Мейірім» көпсалалы медицина орталығында болып, оның қызметімен, мүмкіндіктері және ондағы жаңашылдықтармен танысты.

Соның бірі - еліміздің барлық өңірлерін бейнеконференция байланысы арқылы қосатын телемедицина кабинеті.

Аталған жобаның арқасында шалғай елді мекендердің тұрғындары сапалы медициналық көмек, кеңес ала алады, ал дәрігерлер тәжірибе алмасып, консилиум өткізеді.

Ералы Тоғжанов еліміздің әрбір азаматына медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

Вице-премьер кәсіпкерлік нысан «Тәуелсіз өмір ДОС» орталығында да болды.

Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың белсенді дербес өмірге оралуына және азаматтық қоғамға кірігуіне көмек көрсетіледі.

Р

Орталықта 28 адам қызмет етеді, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 17 адам бар.

Аталған нысанның өкілдері «оңалту техникасын сату бойынша шоу-румды», техниканы, мүкәммалды және басқа жөндеу жүргізілетін «Инва-СТО» сервис орталығын таныстырды.

Премьер-министрдің орынбасары өз сөзінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың көп кездесетін қиындықтары туралы айтып, қызметкерлерге баса назар аударуды қажет ететін бағыттарды атап өтті.

Сондай-ақ, орталықтағы проблемалық мәселелерді сұрап, елорда әкімдігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды қысқа мерзімде шешуді тапсырды. П

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Мұндағы негізгі мақсат - экономиканы индустрияландыру және әртараптандырумен, кәсіпкерлікті дамытумен ұштасқан халықтың табысын арттыру және нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету. Бағдарламада көзделген шаралар халықтың әлеуметтік осал топтары мен табысы төмен азаматтардың пайдасына бюджет қаражатын әділ бөлуге, олардың экономикаға одан әрі интеграциялануын ынталандыруға бағытталған. Бұл - жаңа мүмкіндіктер бағдарламасы, әсіресе көмекке мұқтаж адамдар үшін. Оның міндеті - тек қаражат бөлу ғана емес, алушыларды жұмыспен қамтудың әртүрлі нысандарына тарту арқылы өздерінің әлеуметтік мәртебесін өзгертуге, материалдық жағдайын жақсартуға ынталандыру. Бағдарламаның осындай бағыттарының бірі - әлеуметтік кәсіпкерлік», деді Ералы Тоғжанов.

Вице-премьер барған келесі нысан әлеуметтік осал санаттарға жататын адамдарды оқытуға және жұмысқа орналастыруға бағытталған жоба болып табылатын «Green TAL» әлеуметтік кәсіпорны болды.

Жобаға 62 адам тартылды, оның 53-і әлеуметтік осал санаттарға жатады. Вице-премьер кәсіпорынның қызметімен, оның өндірісімен және қуатымен танысты.

Ералы Тоғжанов Үкімет тарапынан баса көңіл бөлінетінін, жан-жақты қолдау көрсетілетінін және әлеуметтік кәсіпкерлерге өз ісінің бәсекеге қабілеттілігі мен рентабельділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Вице-премьердің айтуынша, мұндай жобалар табысы жоғары толыққанды бизнеске айналуы тиіс.

Сондай-ақ, вице-премьер тиісті мемлекеттік органдарға әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға байланысты проблемалық мәселелерді жеке отырыста қарауды тапсырды.