Аймағамбетов оқыған кітаптары туралы айтты

Аймағамбетов оқыған кітаптары туралы айтты

Аймағамбетов оқыған кітаптары туралы айтты
ашық дереккөзі
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қандай кітаптар оқығанын және мектеп кітапханаларына балалар қызығатын әдебиет керек екенін жеткізді. Бұл туралы ол Zakon.kz-ке берген сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz. Министр жақында Митио Какудың «Ақыл-парасаттың болашағын» оқығанын айтты. Сон ол Эрих Мария Ремарктың «Лиссабондағы түнін» қайта оқып шығыпты.
«Ремарктың «Лиссабондағы түнін» алғаш оқығаныма 10, тіпті 15 жыл болды. Бірақ осы жолы оқығанда мүлдем басқа әсер алдым. Маған Гарвард профессоры Майкл Санделдің меритократияның тираниясы туралы кітабы ұнады. «Қара жәшік қағидасы» кітабын да айта аламын», – деді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ ол қазір министрлік балаларды кітап оқуға баулу үшін қандай шаралар қабылдап жатқанын айтып берді.
«Кітап оқуды барлығына кеңес етемін. Айтпақшы, қазір біз балаларды оқуға белсенді түрде баулып жатырмыз. Барлық мектепте «Оқитын мектеп» жобасын іске қостық. Кітапханаларымызды жаңартып, көркем әдебиеттер сатып алып жатырмыз. Тек былтырдың өзінде 2 миллионға жуық кітап сатып алдық», - деді ол.
Айтуынша, мектеп кітапханасындағы сөрелерінде тұрған әдебиеттер балаларға қызық болуы қажет.
«Мысалы, «Харри Поттер» мектеп кітапханасында болмауы керек деп кім айтты? «Менің атым Қожа», «Робинзон Крузо», «Пеппи Ұзын шұлық», «Карлсон», «Нарния хроникасы», «Тарзан», «Фаренгейт бойынша 451 градус», Әзімов, Момышұлы, Стругацкийдің кітаптары мектеп кітапханасында болуы керек. Балаларымыз осы мәдениетпен де танысуы керек», - деді ол.