Қаратау арқарлары фототұзаққа ілінді

Қаратау арқарлары фототұзаққа ілінді

Қаратау арқарлары фототұзаққа ілінді
ашық дереккөзі
Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде Қаратау арқарлары фототұзаққа түсіп қалды. Бұл жайында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми парақшасында жарияланды деп хабарлады  turkystan.kz. Айыр тұяқты сүтқоректі аң Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олар Ұлттық парк аумағының тек Түлкібас филиалында мекендейді. Аталған жануарлар Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағына күзде қыстауға, көктемде төлдеуге келеді. Мамыр айының соңында жазғы жайылымға қоныс аударады. Көктемгі санақ бойынша ұлттық паркте шамамен 75 арқар мекендейді. Олар бұталар мен шөптесін өсімдіктердің 70 түрімен қоректенеді.