23-25 шілдеде 46 градусқа дейін ыстық болады

23-25 шілдеде 46 градусқа дейін ыстық болады

23-25 шілдеде 46 градусқа дейін ыстық болады
ашық дереккөзі
Синоптиктер 23-25 шілде аралығындағы ауа райына болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, демалыс күндері еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында аптап ыстық болады.
«Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр жауады. 25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген хабарламада.
Күндізгі уақытта республиканың батысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді. Елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде ауа температурасының аздап көтеріледі: мұнда сынап бағаны +25 +38°С белгісін көрсетуі ықтимал. Республиканың солтүстігінде, шығысында температуралық фон +22 +30°С-қа жетеді. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С болады, қатты ыстық сақталады.